Ұлағатты ұстаз

6306Калям Байназарұлының туғанына алдағы қарашаның үшінде жүз жыл толады. Ол осы жылдардың жарты ға-  сырға жуығын ұстаздықпен өткізген. Меңдіқара педучилищесінде 35 жыл оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. Калям ағайдың алдынан еліміздің талай ұл-қыздарының тәлім-тәрбие алғаны баршаға аян. Сол көптің ішінде қоғам қайраткерлері, ірі ғалымдар, көптеген ағартушылар шыққандығын бүкіл республика көлемі біледі десем, асыра айтқандық болмас. Сөзіміз дәлелді болуы үшін Калям ағайдан дәріс алған, кезінде өзімен қызметтес болған атақты кісілердің естеліктерін жазуды жөн көрдім.

Академик, тарих ғылымының докторы, профессор Манаш Қозыбаев былай деп еске алады: "Біздің ортамыздың құты, пірі К.Байназаров еді. Шын мәнінде ұлы педагог еді. Білімді, талантты математик, оқу ісін ұйымдастырудың ғажайып шебері болатын. Біз ағайды жақсы көріп кеттік. Ол кісі біздің туған ағамыздай, әкеміздей болып кетті десем асыра айтқандық болмас",   дейді. Калям ағай шын мә-нінде көптің ішінде, студенттердің арасында болғанды ұнататын. Үзіліс кезінде кабинетінде отырмайтын. Кейде сынып бөлмелеріне кіріп, тазалықтарына көз салады.
Бірінші курста оқып жүрген кезім. Бәкір Сейдахметов екеу-міз партаның үстімен жүгіріп жүргенбіз. Бізді көрген ағайымыз "Тастан-тасқа секірген лақтар, барыңдар залға, далаға шығыңдар!" дегені бар. Сол сәтте ағайымыздың қо-лындағы "указкасымен" салып қалғаны бізге аялы алақанымен сипағанындай болып се-зілген еді.
Тарих ғылымының докторы, профессор Әзірхан Жұмасұлтанов: "Студенттер Калям ағай дегенде аяқтарынан тік тұратын. Онысы қаталдығынан емес, ағайға деген ерекше сый-құрметінен деп білетінбіз. Әр уақытта жайдары, күлімсіреп жүретін. "Ал, балалар, халдарың қалай?" – деп сұрап біліп тұратын. Әр студенттің аты-жөнін, қай жерден келгенін бәрін жатқа білетін еді" деп еске алатын.
Калям Байназарұлының өз ісіне жауапкершілігі сондай, түнгі 6-7 сағат ұйқыдан басқа уақытын жұмыс орнында өткізетін. Кейде түскі асына да бармайтын. Бірде қызы Күләш, бірде апамыз Қанша (жолдасы) тамағын педучилищеге әкеліп беретін.
"Уһ, Аллай" сөзі ағайдың мақалы болып кетіп еді. Бірде ағайдың мұғалімдер бөлмесінен шыққанын көрдім де: "Балалар, Уһ, аллай келе жатыр",– дедім. Ағай столға журналын қойып, "Уһ, Аллай" демесі бар ма. Класс іші ду күлді. Ағайымыз өз кінәсін сезген баладай "әй, қулар-ай" деді де, орындығына отырып, бізге қосыла мәз болды.
Калям Байназарұлы білімді, көрегенді, парасатты жан. Ағайдың бойындағы осынау қасиеттерімен көптің есінде қалған ұстаз десем ешкім қате дей алмас.
Көпжасар Шаяхметов,
Меңдіқара ауданының құрметті азаматы.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓