23 сәуір күні Қостанай қаласында Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ЮНЕСКО клубында «The Planet of ART 2022» халықаралық фестивалінің аймақтық іріктеу кезеңі өтті. Оған Қостанай облысынан 12-18 жас аралығындағы 50-ге жуық бала қатысты. Жас орындаушылар вокалдық, аспаптық, хореографиялық номинациялар бойынша өнерлерін көрсетті.
Халықаралық деңгейде өтіп жатқан бұл фестиваль Армения, Әзірбайжан, Грузия, Иран, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан сияқты Қазақстанға жақын орналасқан 11 елдің балаларын біріктіреді. Фестивальдің мақсаты – дарынды жас орындаушыларды анықтау, қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру және фестивальге қатысушы елдердің өскелең буыны арасындағы достықты нығайту арқылы мәдениетаралық байланыс пен өзара түсіністік орнату.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, облыс әкімдіктері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтары сияқты кең ауқымды серіктестердің және Еуразиялық Топ пен Эксон Мобил Қазақстан Инк.компанияларының қолдауының арқасында әртүрлі әлеуметтік жағдайдағы балалар, соның ішінде Қазақстанның барлық аймақтарынан, әсіресе шалғай аудандардан, шағын қалалар мен ауылдық елді-мекендердің балалары тегін қатысып, өз шығармашылық шеберліктерін көрсетуге және жетекші мамандармен жұмыс істеуге тең мүмкіндіктерге ие болып отыр.
Қазақстандағы өңірлік іріктеу кезеңдері барлық 14 облыс орталықтарында және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 2022 жылдың 15 сәуірі мен 15 мамыры аралығында өтеді. Осыған орай қатысуға ниет білдірген кез келген бала өз өнерін паш етіп, халықаралық жобаның қатысушысы атана алады.
Бүкіл Қазақстан бойынша іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша таңдап алынған жеңімпаздар «The Planet of ART 2022» халықаралық фестиваліне Қазақстанның атынан қатысатын болады. Іріктеу кезеңдерінің нәтижелері2022 жылдың 30 мамырындаұйымдастырушы ұйымның, ҚазақстандықҰлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясының әлеуметтік желілерде және сайтында (https://unescoclubs.kz/, https://www.instagram.com/unescoclubskz/) жарияланады.
Барлық 11 елдің жеңімпаздары ағымдағы жылдың 15-23 шілдесі аралығында Ақтөбе қаласында өтетін мәдени-танымдық бағдарламаға шақырылады, онда оларға таңдаулы шығармашылық бағыттар үздік тәлімгерлермен шеберлік сабақтарғажәнемәдениетаралық байланысты нығайтуға бағытталған бейбітшілік пен өзара сыйластық тақырыптары бойынша кездесулерге қатысуға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ әрбір елден келген жас өнерпаз Фествиальдің 23 шілдеде Ақтөбе қаласында Қазақстанның батыс өңіріндегі ең үлкен сахналардың бірінде өтетін қорытынды Гала-концертке, марапаттау рәсіміне қатысу мәртебесіне ие болады.
2022 жылға арналған Фестивальдің музыкалық кезеңінің тақырыбыЮНЕСКО-ның негізгі миссиясына сәйкес бейбітшілік және келісім деп таңдалы алынғаны бекер емес. Бүгінде  мейірімділік, өзара ынтымақтастық және жер бетіндегі ұлттар татулығы мен достығы идеясын ілгерілетуге бағытталған жобалардың ерекше өзекті екендігі белгілі. Осылайша, Фестиваль өңірдің өскелең ұрпағын біріктіретін және олардың бейбітшілік пен жарқын болашаққа деген үміттерін шығармашылық пен достық байланыстарды орнату арқылы білдіруге мүмкіндік беретін тағы бір алаңға айналмақ.
 
Байланыс ақпараты:
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай даңғылы, 159, Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясының кеңсесі, 050046
+7(727)394-32-32, +7 700 394 32 32 (Whatsapp бар), art.kazfuca@gmail.com
Веб-сайт: https://unescoclubs.kz/
https://www.instagram.com/unescoclubskz/

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓