Жоғалған 5 жасар қыз өлі табылды

Қостанай облысының Жамбыл ауылында жоғалып кеткен 5 жасар қыздың денесі жасанды су қоймасынан табылды.Бала суға батып кеткен. Облыстық ПД баспасөз қызметі қайғылы жағдай туралы ақпарат берді.
"Қыз жасанды су қоймасынан дронның көмегімен табылды. Оқиға орнына аға лейтенант Самат Ещанов пен ерікті Дамир Бектұрғанов бірінші болып жетіп, оның іздеудегі қыз екеніне көз жеткізіп, басшылыққа хабар берген. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді департаменттегілер.
Қайғылы жағдайға байланысты облыстық ПД бастығы Ерлан Омарбеков баланың отбасына көңіл айтты.
"Бұл — үлкен трагедия. Облыс, республика халқы, полиция қызметкерлері атынан қыздың отбасының қайғысына ортақтасқым келеді. Иманды болсын. Оның есен-сау табыларына соңына дейін үміттендік. Өте өкінішті. Сараптама қорытындысын қосымша хабарлаймыз," – деді департамент басшысы.
Айта кетейік, Мәдина Ерланқызы 7 тамызда жоғалып кеткен еді. Оны іздеуге 1500 адам және бірнеше арнайы техника жұмылдырылып, олар күндіз-түні жұмыс істеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓