Электронды өтініш жолдау ыңғайлы
ҚР жеке және заңды тұлғаларының өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамаға сәйкес, бүгінгі таңда жеке тұлғалар және заңды тұлға өкілдерінің жазбаша өтініштермен қатар, электронды өтініштер беру мүмкіндігі бар.
Қазақстан Республикасы прокуратура органдарында электронды өтініштер жолдау үшін www.115.kz порталы ұйымдастырылған. Әрбір жеке және заңды тұлға өкілінің www.115.kz порталына элек-тронды цифрлы қолтаңба (ЭЦП) пайдаланып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына немесе облыстық, қалалық, аудандық прокуратураларға өтініш жолдау мүмкіндігі бар.
Шағым берудің бұл түрі – әрбір азаматтың прокуратура органдарына келіп, жазбаша арыз беруге шығындалатын уақытын үнемдейді. Электронды цифрлы қолтаңбаны жергілікті халыққа қызмет көрсету орталықтарының филиалдарынан алуға болады. Бұдан басқа, электронды цифрлі қолтаңбаны пайдаланып, электронды Үкімет порталының WWW.egov.kz адресіне де өтініш беруге болады.