Спорт сайысы өтті

кукыкиык мектепТүрлі аурулардың алдын алу мақсатында спорттық іс шаралардың түзету мекемелерінде өткізілуі маңызды. Сотталғандар арасында түрлі спорттық шаралардың ұйымдастырылуы олардың ұйымшылдығын, жауапкершілігін арттырады. Еліміздегі 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында УК-161/1 түзету мекемесі шаруашылық қызмет көрсету бөлімінің сотталушылары арасында спорттық сайыстар өткізді.  Жарыс тартысты өтті. Сотталушылар түрлі спорттық эстафетада шапшаңдықтарын, топпен жұмыс істей алатындарын көрсетті. Шара соңында қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Жазасын өтеушілер арасында тамыз айында волейболдан жарыс, ал қыркүйекте "Көңілді старт" эстафетасы өткенін айта кеткен жөн. Сондай-ақ, денсаулықты насихаттаған көрменің ұйымдастырылғанын, салауатты өмірді сақтауға арналған дәрістер оқылды. Түзету мекемелерінде жоғары моральдық-психологиялық  жағдай қалыптастыру үшін жазасын өтеушілерге күнделікті дене шынықтыру мен спортты енгізу керек.
         Ю.МЕЛЬНИК,
"УК-161/1 мекемесі" бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓