Аудан кубогы сарапқа салынды

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің спорт залында өткен Тұңғыш Президент күніне орай волейбол ойынына аудан кубогы үшін 12 команда қатысып, тартысқа түсті.
Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров барлық командаларға сәттілік тілеп, спорт ардагерлері Еркін Қарабалинге, Мәлік Баймағанбетовке, Ербатыр Рахатовқа аудан спортының дамуына қосқан зор үлестері үшін алғыс хаттар табыс етті.IMG_1761
Волейболдың ақтық сын бәсекесіне  жолдама алған командалар өзара жүлдеге таласты. Тартысты өткен ойынның нәтижесі бойынша үздік шыққан Ы.Алтынсарин мектебінің командасы жеңімпаз атанды. Ал Ш.Уәлиханов және аудандық сот қызметкерлерінен құралған құрама команда 2-орынға табан тіреді. Аудандық ішкі істер бөлімінің “Динамо” командасы 3-орынды місе тұтты. Сонымен қатар әр команданың үздік ойыншылары номинациялармен марапатталды. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қазбек Аймақов жеңімпаз командаларға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар және арнайы кубогтарды табыстады.IMG_1803
– Волейбол – бұқаралық спорт түрі. Сондықтан оны жастар арасында кеңінен насихаттап, үйрету – басты мақсатымыз. Ел намысын абыроймен қорғайтын саңлақтардың шығарына сенімім мол. Волейболды серік еткен ойыншылар арасында кәсіпқой спортшы болуды армандайтын жастар жетерлік, – дейді бас төреші Рүстем Нығыметов.
Волейбол ойынының жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, демеушілік жасаған Қазбек Мұқатұлына және Ғабдол Омаровқа ұйымдастыру алқасының мүшелері зор алғыстарын білдірді.
 
                                                            Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓