Танысыма несие алып беріп едім…
2013 жылдың желтоқсан айында жақын араласатын танысыма несие алып берген болатынмын. Ол ақшаны алып, 2 айын төледі де, қалғанын төлемей қойды. Өзін іздеп барғанымда мекенжайын да, телефон нөмірін де өзгертіп жіберіпті. Содан бері несиенің ай сайынғы сомасын өзім төлеп жүрмін. Қайда шағымдануыма болады?
Мақсат ЖЕКСЕНБАЕВ.
Қостанай қаласы.
– Туындаған жағдай бойынша сізге тиісті шағыммен жергілікті мекенжай бойынша қалалық немесе аудандық сотқа жүгінуіңізге болады. Алайда, егер сіз бұл несиені өз еркіңізбен алған болсаңыз және несие басқа адамға тиесілі екенін дәлелдейтін айғақтар болмаған жағдайда, сот органдары әдетте мұндай шағымдарды қараусыз қалдырады.