ӘР САЛАДА ӨСІМ БАР
Қостанай облысының әкімдігі 2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму туралы ақпаратты жариялады. Жергілікті билік таратқан мәліметтерге жүгінер болсақ, өңірдің әр саласында өсім бар.
Өнеркәсіп
Облыс кәсіпорындарында 1 494,7 млрд теңге сомасына өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі 107,4% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі 120,2% құрады. Сары май 54,9% өндірісі артты, алкагольсіз сусындар – 22,4%, ұн – 14,4%, еттен жасалған шұжықтар – 8,2%, нан – 4,6%, болаттан жасалған ыстықтай илектелген шыбықшылар мен өзектер – 8,9%, асбест – 7,9%, жеңіл автомобильдер – 46,5%, 10 және одан көп адамды тасымалдайтын көлік – 2,4 есе, жүк автомобильдері – 3 есе, трактор – 1,8 есе.
Электр энергиясы, газ, бу, ыстық су, желдетілген ауамен жабдықтауда нақты көлем индексі 104,4% құрады.
Сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинау, өңдеу, жоюда, ластануды жою бойынша қызметтерде нақты көлем индексі 112,4% құрады.
Қостанай облысының кәсіпкерлікті қолдау картасына (III бесжылдық шеңберінде) 2,2 мыңнан астам жұмыс орнын аша отырып, жалпы сомасы 230,5 млрд теңгеге 18 жоба енгізілді, оның ішінде 2020 жылы құны 11,5 млрд теңгені құратын 5 жоба іске асырылды, 404 жаңа жұмыс орны ашылды
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өнімділігі 572,1 млрд теңге құрады немесе 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 120,8% құрады.
Ірі қара мал басы 0,2%, оның ішінде сиыр 3,2%, қой 1,4%, ешкі 3,1%, жылқы 6,8% ұлғайды.
103,9 мың тонна ет, 427,0 мың тонна сиыр сүті, 616,3 млн дана тауық жұмыртқасы өндірілді.
Шағын және орта кәсіпкерлік
2021 жылғы 1 қаңтар жағдай бойынша облыста шағын және орта бизнес субъектілерінің 52 495 бірлігі жұмыс істейді, онда (2020 жылғы 1 қазан жаідай бойынша) 158,0 мың адам жұмыс істейді.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйек шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 3,1% өсіммен 805,3 млрд теңге құрады.
Инвестиция
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 329,5 млрд теңге немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,0% құрады.
Инвестициялардың негізгі үлесін кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың өз қаражаты құрайды – 59,6%.
Инвесторлар үшін өнеркәсіп (инвестициялардың жалпы көлемінен 39,5%), ауыл шаруашылығы (16,7%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (12,4%) сияқты салалар сұранысқа ие.
Құрылыс жұмыстары
Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 150,7 млрд теңге құрады, бұл 2019 жылғы салыстырғанда 28,4% артық.
Қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы ауданы 379,4 м.ш. метр немесе 2019 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 113,1% тұрғын үй пайдалануға енгізілді.
Сауда
Көтерме сауда айналымы 725,7 млрд теңгені, бөлшек сауда – 371,8 млрд теңге.
Жалпы бағаға келер болсақ, инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 2020 жылғы желтоқсандағы 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107,2% артық.
Азық-түлік тауарлары бағаларының индексі 11,0% көтерілді, азық-түлік емес тауарлар – 5,4%, ақылы қызметтер – 4,0%.
Тұрмыс деңгейі
Облыс кәсіпорындарындағы бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекке 163 847 теңге немесе 2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 116,8% құрады.
Қаржы
Мемлекеттік бюджетке 237,8 млрд теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамнан 106,6% артық).
Республикалық бюджет 133,7 млрд теңге сомасында орындалды немесе болжаммен салыстырғанда 100,3% артық (2019 жылмен салыстырғанда 99,0% ).
Жергілікті бюджет 116,1% орындалды, 104,1 млрд теңге түсті, бұл 2019 жылғы қаңтар-қарашаға салыстырғанда 26,7% артық" делінген хабарламада.