Қоғам назарында
Жанкелдин. Аудандағы “Сенім” мүгедектер қоғамдық бірлестігі мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетіп, олардың мұң – мұқтаждарын назардан тыс қалдырмай ұсыныс – пікірлерін тыңдап, үнемі қадағалап, көмек қолын созып отырады. Ұйым басшылығы 1 топтағы мүгедектер Тосынбай Қожабековке, Байжан Молдабайға, Жұмабике Сейіловаға және 2 топтағы мүгедек Нұрымбет Сейдахметовке бір – бір тонна көмірден үйлеріне тегін түсіріп, шынайы қамқорлық жасады.