Жол апатынан жан тапсырды
Қайғылы оқиға Қостанай қаласындағы Гоголь-Летунов көшелерінің қиылысында болды. 47 жастағы «ГАЗ-3302» шағын автобусының жүргізушісі сол жақ бетке бұрылып үлгеремін деп, қарсы жолақтағы «Хонда» маркалы мотоциклге соқтығысады.
Оқиға орнына тәртіп сақшылары және медициналық жедел жәрдем шұғыл келіп жетті. Жапа шеккен 33 жасар мотоциклші және оның 31 жастағы зайыбы қалалық ауруханаға жөнелтілген. Ауыр дене жарақатын алған әйел ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Ал, мотоцикл жүргізуші жан сақтау бөлімінде жатыр.
Апат орнында ЖКО-ның сызбасы жасалды. Жүргізілген сараптамалар «Газель» жүргізушісінің сау болғанын көрсетіп отыр. Аталған деректер қылмыстық ережебұзушылық болып тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жандос Жүсіпбек