Аманкелділік тұңғыш полиция генерал-майоры
Елорда да мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бірқатар азаматқа жоғарғы әскери шен атағын берді. Салтанатты рәсімде Президент сөз сөйлеп, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс мейрамымен құттықтап, елдің тыныштығы мен бейбітшілігін сақтап жүрген азаматтардың ерлік істеріне тоқталып өтті.Аталмыш рәсімде Аманкелді ауданы, Степняк ауылында дүниеге келген, қасиетті Батпаққараның тумасы — Ерлан Файзуллин полиция генерал-майоры атағымен марапатталды. Бұл барша Торғайлықтар үшін үлкен қуаныш. Себебі аманкелділіктерден бұрын-соңды жоғарғы шенді атақты ешбір ішкі істер саласының қызметкерлері алмаған. Ал Ерлан Жұмасейітұлы болса полиция генерал-майоры атағын алған алғашқы адам болып отыр.Қалың бұқара, оның ішінде Торғай–Аманкелді жұртшылығы өңірдің тумасы жоғарғы шендік атақ алғанына шын жүректен қуануда.
Бибіт НҰРМҰХАНОВ
Аманкелді ауданы.