Депозит сыйақысының мөлшерлемесі артты

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін арттырды. Теңгелік жинақ салымдар бойынша қор маусым айына максималды мөлшерлемені бекітіп отыр. Бұл туралы депозиттерге кепілдік беру қорының ресми сайтында жарияланды.
12 және 24 айға арналған жинақ депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер депозит нарығының осы сегментінде орташа өлшемді нарықтық мөлшерлемелердің өсуіне байланысты сәйкесінше 0,1 пайыздық тармаққа және 0,2 пайыздық тармаққа жоғарылады, – делінген ҚДКБҚ ақпаратында.
Сондай-ақ, 3 және 6 айға арналған мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттер, 12 және 24 айға арналған мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер өзгеріссіз қалғаны, әрі мамыр айындағы деңгейде сақталатыны да жазылған.
Мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесімен кестеде таныса аласыздар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓