Жол жөнделіп жатыр
Биыл Арқалық қаласыда жол жөндеуге 1,352,670 млрд теңгеге бөлінді. Бұл қаражат қаладағы Ш.Жәнібек көшесін және «Ашутасты-Шілі» тас жолын орташа жөндеуден өткізуге жұмсалады.
Жұмыстарды алдын ала ашық түрде өткізілген конкурс нәтижесінде тендерді ұтып алған мердігер – «Алюминстрой» ЖШС компаниясы атқаруға кірісті.
Кәсіпорынмен 2 жылға келісім-шарт жасалған. Жоба бойынша, батыр атындағы көшеге (Демченко-Байтұрсынов көшесі аралығындағы учаске, ұзындығы – 1,5 км) жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салынып, жол жиектеріне бардюр орнатылады.
Сондай-ақ, 62,6 шақырымдық «Арқалық-Ашутасты-Шілі» тас жолының 31,6 шақырымы жөнделеді.
«Бұл жолдардың әбден тозығы жетіп, көлік қозғалысын қиындатып жіберген еді. Қазіргі таңда Шақшақ Жәнібек көшесінде асфальттің ескі қабаттары мен жол жиегіндегі ескі бардюр тастар алынып жатыр. Келісім-шарт бойынша, көшені толық жөндеу үшін 324 млн теңге бөлінуі тиіс. Қазіргі бөлінгені – 215 млн теңге. Биыл жобаға қарастырылған қаражатты толық игеру көзделіп отыр. Қосымша қаражат бөлінген жағдайда асфальттау, брюсчат төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. «Ашутасты-Шілі» жолының жөнделуі осы бағыттағы Қайыңды, Алуа, Жаңақала, Екідің, Қызылжұлдыз ауылдарына жол қатынасын жақсартады»,-дейді қалалық тұрғын үй құрылысы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Асылхан Қуанышбаев.
Мұрат Жүнісұлы