Жұдырықтай жұмылуымыз керек

Қ.Тоқаев тілге тиек еткендей, «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасы мемлекетімізді дамыту бағытындағы маңызы аса зор жаңашылдық болғалы отыр. Оның үстіне, Ата заңымызға да өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Әрине, мұның бәрі әзірге пысықталып, жан-жақты қаралып жатыр. Шындығын айтқанда, бұл қадамдар баршамыздың үмітімізді үстемелеп отыр. Ол үшін әр ұлт пен ұлыстың өкілі бес саусақтай бірігіп, жұдырықтай жұмылып, ел игілігі жолында талмай еңбек етуі керек.
Өмір сапасын жақсарту, ортақ үйіміз – Қазақстанымызды даму даңғылына бастау үшін ауызбірлікпен, ынтымақпен жарасып, тату тірлігімізді жалғастырып, Мемлекет басшысы міндеттеген тапсырмаларға ақадал қызметімізбен жауап беруге міндеттіміз!
Ринад БЕКТЕМИРОВ,
«Дуслык» татар-башқұрт этномәдени орталығы»
қоғамдық қорының төрағасы,
ҚХА мүшесі