Жерлестеріміз жүлдеге іліккен жоқ
Жуырда Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында Азиялық Пара олимпиада ойындары болып өтті. Оған еліміздің Астана, Алматы қалалары мен Қостанай, Павлодар, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарынан барлығы 84 мүмкіндігі шектеулі спортшы қатысты. Осы халықаралық бә-секеде сынға түскен қостанайлық спортшылар жүлделі орын алмағанымен соған жетеқабыл ойын өрнегін көрсетті. Мә-селен, Павел Сидорчук ядро лақтырудан 10 метр 93 см нәтиже көрсетті. Сөйтіп, Сирия, Иордания және Ирандық әріптестерінен ғана оза алған жоқ. Ал Алексей Лукутин ядро лақтыру мен диск атудан 6 орынға тұрақтады. Тағы бір жерлесіміз Светлана Ким нысана көздеуде 252 ұпай жинап, финалға шыққан. Алайда, ақтық сында С.Ким 7 орынды қанағат тұтты.
Айбек
КӘДІРҰЛЫ