Жаңа әннің тұсауы кесілді

Колледж кітапханасы мен "Жауқазын" үйірмесі бірлесіп өткізген тағылымды шараға қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Алматова, ардагер ұстаз Ж.Ғапбасұлы, ҚР Мәдениет қайраткері О.Мұқатова қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Қалалық мәдениет сарайының әншілері сазгердің халық арасында кеңінен танылған "Неткен сүйікті ең", "Арқалықтың аруы", "Қадірлейік достарды", "Торғайды аңсау" сынды әуезді әндерін әуелете шырқады.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
Суретте: ән авторлары.
Арқалық қаласы.