Талғаттың татамидегі табысы

Қырғызстан астанасы Бішкекте 12-14 сәуірде джиу-джицудан Азия чемпионаты өтті. Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында жерлесіміз Талғат Сұңқарбек болды. Ол бұл бәсекеде күмістен алқа тағынды.IMG-20190422-WA0020
Талғат Меңдіқара ауданының №19 өрт сөндіру бөлімінде кіші сержант болып қызмет етеді. Ол өз салмағында 4 жекпе-жек өткізді. Жақсы нәтиже көрсетіп, қазылар алқасының қорытындылауы бойынша 2-орынға ие болды. Енді спортшы қыркүйек айының соңында ұлттық құрама сапында Киев қаласында өтетін әлем чемпионатында өнер көрсетеді. Талғат жас та болса өзін әртүрлі жауынгерлік стильді меңгерген тәжірибелі спортшы ретінде таныта алды.
"Азия чемпионатында Талғатқа 1-орын алудың сәті түспеді, өйткені психологиялық дайындық кем болып қалды. Қанша дегенмен, мұндай биік деңгейлі жарысқа спорттың мұндай түрінен қатысу үшін кемінде бес жыл жаттығудан өтуі керек. Бірақ біздің жерлесіміз қысқа мерзімде дайындалып шықты", – дейді жаттықтырушы Мереке Исмағұлов. IMG-20190422-WA0021
Айта кету керек, биыл 4 сәуірде Талғатқа "спорт шеберлігіне үміткер" разряды табыс етілген еді. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓