Ахаң рухына арналады   

Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында “Алаштың Ахметі” атты қойылымның премьерасы өтті. Ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойына арналған спектакльді көппен бірге тамашалауға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те барды.   
Драма-элегия жанрындағы  қойылымда қазақтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының қазақ жерінің тұтастығын сақтаудағы жанкешті еңбегі мен елдің еңсе түзеуі жолындағы ерлігі бейнеленеді. Сондай-ақ, сүйген жары Александра–Бәдрисафаның ғұмыр жолы, Ахаң екеуінің арасындағы махаббат, өзара құрмет сезімдері баяндалады.  Шығарма авторы – Өткен Ахмет. Қоюшы режиссер – Қуандық Қасым. Премьера аншлагпен өтіп, көрермен театр актерлерінің сахнадағы шебер ойынына тәнті  болысты. Театр қоржынына тағы бір сәтті туындының қосылуымен облыс әкімі де құттықтады.
"Бұл қойылым – Ахаң рухына жасалған тағзым. Ахмет Байтұрсынұлы мен жары Бәдрисафаның арасындағы сүйіспеншілік, сыйластық сезімі, ұлт ұстазының елге деген махаббаты, өз ісіне деген адалдығы, халқына деген перзенттік борышы жақсы сомдалған. Спектакль авторына және қоюшы режиссеріне, сондай-ақ театрдың барлық шығармашылық, жабдықтау және әкімшілік құрамына алғысымды білдіремін! Жаңа спектакльдің дүниеге келуі – үлкен еңбек. Бұл мерейтой жылы облыс тұрғындарына жасалған тамаша тарту, – деп лебізін жеткізді А.Мұхамбетов.
Мұның сыртында, тетар ғимаратында ұлт ұстазының ғылыми еңбектері мен қайраткерлік қызметінен сыр шертетін көрме қойылды. Қалың көрермен Ахаңның көл-көсір мұрасымен, жазба еңбектерімен, құнды тарихи мәліметтермен, архив құжаттарымен  танысуға мүмкіндік алды.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓