Балабақшаларда бос орын көбейді

Қостанай балабақшаларында бос орындар пайда болды. Билік өкілдері бұған бірнеше себеп ықпал еткенін айтып отыр. Шенеуніктердің пікірінше, ата-аналар пандемияға байланысты балаларын үйде тәрбиелеуді шешкен болуы мүмкін немесе көбісі мектепке дейінгі мекемеге электронды кезекке тұруға болатын арнайы сайттың "тілін білмеуі" ықтимал.
Білі бөлімінің мамандарының айтуынша, қостанайлықтардың балабақшалардағы бос орындарға өтінім беруге асығатын түрлері жоқ. Қазіргі таңда бос орындар саны 755-ке жетті. Олардың 190-ы – мемлекеттік балабақшаларда, 500-ден астамы – жекеменшік бөбекжайларда. Ата-аналар бұл орындарды "Индиго" сайты арқылы ала алады. Аталған сайт балабақшаға тіркеу, қабылдау қызметтерін көрсетеді, сондай-ақ мұнда мектепке дейінгі мекемелер тізімін және олардың мекенжайларын білуге мүмкіндік бар. Сөйте тұра, қазір бұл сайтта да белсенділік жоққа тән. Билік өкілдері мұндай жағдайдың бірқатар себебін атады.
"Бос орындар пандемия салдарынан пайда болды, ата-аналар балабақшаға балаларын беруге қорқады. Тағы бір мәселе бар – "Индиго" жүйесін барлығы бірдей игеріп кете алған жоқ. Біз бқл электронды балабақшаның жұмысы туралы бөлімде ақпарат жариялап жатырмыз", – дейді Қостанай білім бөлімінің жетекшісі Лидия Бугатаева. 
Сондай-ақ, оның сөзінше, ата-аналар балабақшалардың орналасқан мекенжайларының шалғайлығына да мән беруі мүмкін. Мәселен, КСК, 7 шағын аудан, Әскери қалашық секілді аудандарға көптің таңдауы түсе бермейді. Керісінше, балабақшалары жоқ Юбилейный, Әуежай шағын аудандарында кезекте тұрғандар көп. Сосын, әсіресе, аса сұраныссыз 4-5, 5-6 жас тобы үшін бос орындар басымырақ. Ал 2-ден 3-ке дейінгі жастағы балаларға орын жоқ, толық. Екі жасар 436 балдырған кезек күтіп тұр. 
Бөлім мамандары "Индиго" сайтына тіркеліп қойған ата-аналарға "жеке кабинетке" кіріп, "кезекке берілген өтінімді қайтару" түймесін басуға кеңес береді. Өйткені, сіз стоп-тізімге түсіп қалған болуыңыз мүмкін. Онда өзінің орынға мұқтаждығын қандай да бір себеппен мақұлдамаған адамдар енгізіледі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓