БІРЛІК ҰЙЫҒАН ЕЛДЕ БЕРЕКЕ БАР

Ел Президентінің пайымдауынша, аталған тақырыптар ассамблеяның бүкіл қоғамдық құрылымдарының үнемі назарында болуы қажет.
Алдағы уақытта ҚХА қызметінің этносаралық және ұлтаралық келісімді сақтау сияқты басым бағыттарына қатысты жаңа міндеттер қойылды. Президент өз сөзінде ҚР Конституциясына сілтеме жасай отырып, ол мемлекеттік тілді үйренуге ешкімді мәжбүрлемейтінін, алайда мемлекеттік тілді үйрену ҚХА жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып қалуы тиіс екенін айтты.
Сессия барысында этносаралық келісім саласындағы жаңалықтарды ақпараттық жариялау мәселелері де айтылды. Әлеуметтік желілердегі тексерілмеген жалған ақпараты бар бір посттың бүгінгі күні қоғамды теріс мәлімдемелерге итермелеуі мүмкін, осылайша этникалық негіздегі қақтығыстарды тудыруы ықтимал. Қазіргі уақытта осындай мазмұнда ақпарат жариялайтын блогерлер мен қарапайым азаматтарға заңнамалық деңгейде шара қолдану мәселелері қаралуда.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарында және жұртшылықтың нақты проблемаларын шешуде барынша белсенді болуға, сол арқылы елімізде бейбітшілік пен келісімнің сақталуын қамтамасыз етуге шақырды.
Руслан МУРЗАГАЛИЕВ,
«Ассамблея жастары» республикалық
ҚБ-нің Қостанай облысындағы
филиалының басшысы,
ҚХА мүшесі.