Қателесуге құқы жоқ

Қазақстан Республикасының аумағында короновирустық инфекцияның таралауына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ағымдағы жылдың 11 сәуірінен бастап өткізу пункттерінде Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттік шекарасын кесіп өту орындарында шекарадан өту шектеулерін алып тастағанын білеміз.
Қазіргі кезде осындай мүмкіндікті пайдаланып, Ресей Федерациясының аумағына кіруге тыйым салынған үшінші мемлекеттің азаматтары еліміз арқылы көрші елдің территориясына шекара тәртібін бұзу арқылы кіргісі келгендердің қатары анықталуда.
Сондай деректердің бірі 2022 жылғы 17 сәуірінде орын алды. Қырғызстан Республикасының азаматы өзіне Ресей Федерациясының аумағына кіруге тыйым салынғанын біліп, шекараны бұзуға талпынған. ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты «Өрнек» шекара бөлімшесінің шекара сақшылары шекара режимін бұзғаны үшін оның ізіне түседі. Шекараға жақын маңдағы ауыл ішіндегі бір үйге бой тасалағысы келген көрші ел азаматын қырағы шекарашылар тауып алады. Қазіргі кезде Қырғызстан Республикасының азаматы Заң алдында жауап беруде.
Біз Қостанай облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметінің шекарашылары кәсібилік шеберлік пен жоғары жауапкершіліктің арқасында тапсырылған қызмет пен жүктелген борышты алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тұтастығын қорғау жөніндегі міндеттерді абыроймен орындайтынымызға сенімдіміз!
 
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓