Инклюзивті білімнің қолжетімділігі 

Бүгін Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Дабылов Аслан Жұмағалиұлының төрағалығымен «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.Кеңес отырысында инклюзияны қолдау кабинеттерін әдістемелік сүйемелдеуді қаржыландыру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша «AMANAT» партиясының аймақтық сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру мәселелері қаралды. Аталған сұрақтар жақында ғана өткізілген облыстық депутаттық фракцияда талқыланып, облыстық білім басқармасының  басшысы Байменова Зәуре Әнуарбекқызының баяндамасында  тыңдалды. 
Инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысында күрделі құрылымында ақауы бар, аутизмі бар балалармен жұмыс сапасын арттыру мақсатында мамандарды оқыту және әдістемелік сүйемелдеу маңызды болып табылады.
АБА-терапия әдістерін пайдалана отырып, осындай жан-жақты сараптамалық қолдауды «Болашақ» корпоративтік қоры ұсынады.2021 жылдың жаз мезгілінде Қостанай, Рудный қалаларының және Қарасу ауданының 4 жалпы білім беру мектептері инклюзия кабинеттерін әдістемелік сүйемелдеу үшін «Болашақ»  қорымен 6 млн.теңгеге жуық сомаға шарттар жасасты.
Қазіргі уақытта «Болашақ» қорымен келесі оқу жылына Қостанай қ. №27 Орта мектебін әдістемелік қамтамасыз ету бойынша шарт жасалды (1,021 млн. теңге сомасында), Рудный қ. №17 Орта мектебінде конкурс жарияланды. Қостанай қ. №29 ОМ және Қарасу ОМ осы жылдың мамыр айының соңына дейін Шарттар жасасуды жоспарлап отыр -, дейді  Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының балалықты әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Алхамбаева Сания Болатқызы. 
Жалпы облыста инклюзияны қолдау кабинеттерін әдістемелік сүйемелдеуді қаржыландыру мәселесі қатаң бақылауда және инклюзивті білім беруді дамытуға байланысты іс-шаралар жалғасатын болады.
Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жазғы демалысты ұйымдастыруға қатысты білім басқармасының ақпараты бойынша жазғы демалыс кезеңінде, сондай – ақ сауықтыру, арнайы түзету-дамытушылық қолдау көрсету мақсатында Қостанай қаласы «Балабақша-мектеп-интернаты» арнайы кешенінде 2021 жылдан бастап «Алтынгүл» балалар сауықтыру лагері ұйымдастырылды. Лагерь облыстың барлық өңірлерінен келген ПМПК қорытындылары негізінде арнайы білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын және тәрбиеленетін жеңіл, орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларды жазғы демалыспен қамтиды.
2021 жылдың жазғы кезеңінде 87 бала сауықтырумен қамтылды, 2022 жылы 100-ден астам баланы қамту жоспарлануда.
Әлеуметтік тапсырысты ұйымдастыру шеңберінде «Хатико» қала сыртындағы оңалту орталығы базасында 2022 жылдың жазғы кезеңінде Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептері жанындағы үйде оқитын 6 жастан 18 жасқа дейінгі ілесіп жүретін адаммен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін демалыс және сауықтыру жоспарланған. Осы орталықта болған кезеңде балалар мен бірге жүретін адамдар үшін бес мезгіл тамақтану, психологтардың, тәлімгерлердің, нұсқаушылардың қызметтері ұсынылады, сондай-ақ денсаулықты, бос уақытты және шығармашылық еңбекті сақтау, нығайту үшін іс-шаралар ұйымдастырылады.Бұдан басқа, жыл сайын «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ үйінде күтім жасауда жатқан психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан 20 мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедектердің жазғы демалысын ұйымдастыру жобасын жүзеге асырады. 
Ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жазғы демалыс қызметтерін ұйымдастыруға Қостанай қаласының бюджеті қаражатынан 1460,0 мың теңге қарастырылған (10 күнге 10 адамнан 2рет келу).
Жоба аясында қызмет алушыларды жеткізу, тамақтандыру, сауықтыру және ойын-сауық іс-шаралары, «Амиго» ат клубына бару, табиғатқа шығу, балалар мен олардың ата-аналары үшін спорттық іс-шаралар өткізу, экскурсиялар, көрмелерге бару жоспарланған.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓