Пакетке салынған сәбидің денесі табылды
Оны күні кеше сағат 17.00 шамасында Қостанай қаласының Гоголь-Шаяхметов көшелері қиылысында, "Бүркіт" базарының маңынан 37 жастағы ер адам тауып алған.Оқиға орнына жедел жеткен тергеу-оперативтік тобы жаңа туған қыз баланың өлі екенін анықтапты.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 100-бабы ("Жаңа туған баланы анасының өлтіруі") бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу шаралары басталды. Осы дерекке қатысты қандай да бір ақпараты бар тұрғындардың полицияға хабарлауын сұраймыз",- деді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Арнайы сараптама тағайындалды.