Алты адамды кене шаққан

Туляремия және кене энцефалиті қоздырғыштарының таралуының эпизоотологиялық мониторингі шеңберінде облыстық департамент, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және Ұлттық сараптама орталығы филиалының мамандары 19 сәуірде Қостанай және Алтынсарин аудандарының аумағына кене зерттеуге шықты.
14 сәуірдегі жағдай бойынша облыстың емдеу ұйымдарына кене шаққан алты адам жүгінді, оның біреуі – бала.
"Жиналған паразиттер кенелердің негізгі қоректенушілері – кеміргіштер арасында эпизоотияны анықтау үшін сынақ материалы ретінде қызмет етеді. Қоздырғыштар бөлінген жағдайда эндемиялық аудандарда тұратын халықтың жұқтыру қаупі бағаланатын болады", — деп хабарлады Қостанай облысы бойынша санэпидбақылау департаменті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓