Жеңілдік “жеңілдік” деген сөз емес

Ashyq жобасында «жасыл» және «көк» статусы бар адамдарға карантин шектеулері жеңілдейді. Денсаулық сақтау министрлігі бұл отандық бизнесті қолдау үшін жасалған қадам екенін мәлімдеді. Енді «жасыл» мәртебесі бар тұрғындар мына нысандарға шектеусіз кіре алады: салтанат, еске алу, отбасылық шаралар: банкеттер, той, мерейтой, ас өткізетін нысандар; конференциялар, форумдар, көпшілік жиналатын бұқаралық шараларды ұйымдастырушылар; көрмелер, таза ауада (сыртта) өтетін марафондар; көрермені бар спорт шаралары; діни нысандар, соның ішінде жабық нысандарда топпен ғибадат ету; ойын клубтары, казино, түнгі клубтар және караоке; сауда ауданы 100 ш.м. асатын СОО, сауда үйлері (азық-түлік сатпайтын); сауда ауданы 6000 ш.м асатын сауда желілері (азық-түлік); сауналар, моншалар, бассейндер; спорт-сауықтыру орталықтары, фитнес және йога орталықтары.
Ashyq жобасындағы статусыңыз "көк" болған жағдайда мына нысандарға еркін кіре аласыз: отельдер, қонақ- үйлер; әуежайлар; теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, авто бекеттер, автоөтпе жолдар; ХҚКО жолаушыларына қызмет көрсету пункттері; банктер, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері; алкоголь сусындарды сатпайтын асхана түріндегі қоғамдық тамақтану нысандары; жабық базарлар; білім беру нысандары, жоғары оқу орындары, колледждер, орталықтар; сұлулық орталықтары мен салондары, СПА, маникюр, педикюр, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсету (алдын ала жазылу); облысаралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус тасымалдары. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес, covid-19 індеті расталған адамдарда "қызыл" статус ПТР нәтижесін алған сәттен бастап он күн бойы сақталады. Ал 10 күннен кейін ол үш айға созылатын "жасыл" күйге ауысады.
"Бұл әлем тәжірибесінде бар. Аурудан сауығу процесіне байланысты. Жқұтырған адам асқындырып алмаса, қалпына келу кезеңі тезірек жүретіні байқалған. Осы жайт карантин мерзімін қысқартуға себеп болып отыр", – дейді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Юрий Севостьянов.
Ал науқаспен байланыста болған жєне жеңіл түрімен ауырған адамдарда карантиннен ертерек шығу мүмкіндігі бар. Оларда ауру белгілері байқалмаса, жетінші күні ПТР талдауы жасалады. Вирус анықталмаса, үйдегі карантин мерзімі аяқталады. ПТР тапсырмаса, 10 күннен кейін автоматты түрде оқшауланудан шыға алады.
"Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар вакцина салдырмаған болса немесе екпе алғанына 6 айдан асқан жағдайда ғана карантинге жатқызылады", – дейді Юрий Севостьянов.
 
Аслан Қанғожин

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓