Құрт пен қымыз рецептері халықаралық кітапқа енеді

Бұл Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Францияның Полиньи мектебі оқушыларының бірлескен жобасының арқасында мүмкін болды.Бейнеконференция арқылы кездескен екі елдің оқушылары француз химигі және микробиологы Луи Пастердің туғанына 200 жыл толуына арналған «Пастер-ферментация» халықаралық жобасына қатысты."Бұл оқиға мен үшін Франция мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты нығайтудағы маңызды қадам болып саналады. Сонымен қатар, біз, өскелең ұрпақ өз көзқарасымызды кеңейтіп, жаңа адамдармен танысып, білім алмастық. Осылайша, бұл жоба ғылыми зерттеулерге негізделген мәдени алмасуға септігін тигізіп, биология, химия және басқа да салалардағы білімімізді арттырды. Бұл – бастамасы ғана және мұндай жобалардың қатары арта береді деп сенеміз», – дейді 9-сынып оқушысы Дария Шунушева.Жоба аясында оқушылар химиялық трансформациялар туралы білді, ірімшік және сүт қышқылы дақылдарын өндірудегі ашыту процестерін зерттеді және Франциядан келген құрдастарымен өз нәтижелерімен алмасты. Сондай-ақ, НЗМ студенттері құрт пен қымыздан ұлттық өнімдерді жасаудың рецептерімен бөлісіп, француз тарапының қызығушылығын тудырды. Енді рецептер ұлттық тағамдардың халықаралық кітабына енетін болады.Қорытынды конференцияға Францияның Қазақстандағы Елшісі Дидье Канесс, сондай-ақ Полиньи мектебінің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Француз елшісі өз сөзінде жобаға қатысқаны үшін алғыс айтып, өзара қарым-қатынас пен мәдени ынтымақтастықтың одан әрі дамитынына сенім білдірді. Сондай-ақ, ол біздің түлектерге Франциядағы жоғары оқу орындарына грантқа түсуге қол ұшын беретінін атап айтты.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓