Банкроттыққа өтінім қабылдау 3 наурызда басталады

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жеке адамдардың банкроттығы рәсімдеріне арналған ақпараттық жүйе құрылғанын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Оның айтуынша, қазіргі кезде 1 миллион 180 мың адамның қарызы бар. Олардың қарыз сомасы 1 триллион 100 миллиард теңгеге жетті. Қарызы бар адамдардың барлығы бірдей банкроттыққа өтініш бермеуі мүмкін.
3 наурызда алғашқы өтінімдерді қабылдауды бастаймыз. Қызметкерлеріміз өңірлерге жіберіледі. Бұған дейін біз халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Банкроттықты рәсімдеу қарызды кешіру әрі рақымшылық емес. Оның салдары болады, — деді Ержан Біржанов.
Айта кетейік, банкрот деп танылған адамдар 5 жыл несие ала алмайды. Сонымен бірге, 7 жылдың ішінде өзін қайтадан банкрот деп тануға жатпайды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓