Көмек қолын созды
Жақсылық жасау кез келген адамның қолынан келеді. Бірақ ол үшін Абай айтқандай, жақсылық жасай білетін жүрек керек.
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Қостанай облысы бойынша филилының ұжымы қала тұрғындарының біріне қасиетті айда қол ұшын созды.
Сибагатулиндер отбасында үш бүлдіршін өсіп келеді. Тұла бойы тұңғыштарының туа біткен сырқаты бар. Екінші ұлдары Қостанайдағы балабақшалардың біріне барады. Кенжелері бір жастан енді асқан. Аналары Гүлнәр күні бойы үлкен қызының күтімімен айналысады. Әрине, мұндай жайтта жұмыс істеу туралы сөз де болмас. Отағасы жалдамалы жұмыста. Тапқан табысы отбасының айлық-шайлығынан аспайды. Алайда, өз күштерімен тырысып, жақсы күннен үміт үзбейді.
«Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Біздің ұжым шағын болса да, жүректері кең, жақсы, жайсаң адамдардан құралған деп мақтанышпен айтамын. Аталған отбасыға көмек керек дегенді естігенде бірден бір адамдай жұмылып, көмек көрсетуге тырыстық. Отабсының қаржылық жа,дайын ескере отырып, алдағы екі ай кішкентай ұлдарының бала-бақшадағы төлемін төлеп, азын-аулақ азық-түлік апарып бердік. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Жақсылық жасаудан жалықпайық», – дейді Орталық филиалының директоры А.Алшынбаев.
«Қарабалас тірлікте уақыт бөліп, жақсылық жасап, балапандарымды бір қуантып, балабақшаға төлем жасауға көмек қолын созған жандарға алғыстан басқа айтарым жоқ», – дейді көп балалы ана Гүлнәр.