Тағы да өсті

Қаржы министрлігі "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер енгізбек. Министрлік жаңа өзгерістерді Мәжіліс депутаттарына ұсынды.
Сонымен 2022 жылғы 1 сәуірден бастап төлемдер келесідей болады:
– мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 20191 теңге (1 қаңтарда 19 450 теңге еді);
– зейнетақының ең төменгі мөлшері — 48032 теңге (1 қаңтарда 46 302 теңге еді);
– жәрдемақы мен өзге де әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ айыппұл, салық және басқа да төлемдерді есептеуге арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — 3180 теңге (1 қаңтрада 3063 теңге еді);
– базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеуге арнғалған ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң мөлшері — 37389 теңге (1 қаңтарда 36018 теңге еді).
Аталмыш өзгерістерге қатысты құжат 21 сәуірге дейін "Ашық НҚА" сайтында талқыланады.
Бұған дейін 1 сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақы 4 пайызға өсетіні хабарланған еді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓