Қамыстылықтармен қауышты
Қарабатыр ауылынан басталған «Қостанай таңының» күндері Қамысты ауданы орталығында жалғасты. Аудандық мәдениет үйінде өткен келелі жиында газет ұжымының басшылығы жергілікті тұрғындармен жүздесіп, ой бөлісті.
Аталмыш басқосуға билік өкілдері, аудан тұрғындары және газеттің тұрақты оқырмандары қатысты. Жиын соңында Жанашырлар клубы құрылып, оған Сейітбек Есенбай төрағалық етті. Клубтың құрамында есімдері аудан аумағына белгілі азаматтар бар.
Ерекше тоқтала кететін жай, енді ғана журналистика әлеміне қалам тербеп жүрген жастарға жас тілші деген куәлік табыс етілді.
Мешіт Ғазиз
"Қостанай таңы" соңғы кезде жедел ақпарат беруімен ерекшеленіп жүр.Жарайсыздар!