89 ауыл ауыз сумен қамтылады

Қостанай облысында ауылдарды ауыз сумен қамтуға 12,6 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Қостанай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Данияр Сәбитов баспасөз мәслихатында айтты.
Биыл 33 жобаны жүзеге асыру көзделген. Жыл соңына дейін 43,5 мың адамы бар 23 ауылды сапалы ауыз сумен қамту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 66 ауылға тасымалданатын суды тарату пунктері орнатылады.
– Өткен жылы "Нұрлы жер", "Өңірлерді дамыту" және "Ауыл – ел бесігі" бағдарламалары бойынша 13 нысан пайдалануға беріліп, соның арқасында 27 ауыл сапалы ауыз сумен қамтылды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша, ауыз сумен қамтылған ауыл халқының үлесі 64,7%-дан 74,9%-ға дейін ұлғайды", – деп мәлімдеді Д.Сәбитов.
2022 жылдың соңына қарай облыс көлемінде 58,8 мың халқы бар 89 ауылға сапалы ауыз су жетеді. Спикердің айтуынша, сумен жабдықталған ауыл халқының үлесі осы жылы 74,9% – дан 87,2%-ға дейін артпақ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓