Дычконың келесі қарсыласы анықталды

Суперауыр салмақтағы былғары қолғап шебері, жерлесіміз Иван Дычко (11-0, 11КО) америкалық боксшы Дэниэл Мартцпен (20-10-1, 17КО) жекпе-жек өткізбек. Бұл туралы Prosports.kz сайты хабарлайды.
Кездесу АҚШ-тың Мерфрисборо қаласында өтеді. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланып отыр.
Иван Дычконың бұған дейінгі жекпе-жегі былтырғы 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өткізді. Кәсіпқой бокс кеші ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған еді. Ол бірінші раундта техникалық нокаутпен ресейлік бокс ардагері Александр Устиновті (36-6-1, 27КО) тізе бүктірді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓