“Киік” акциясы басталады

Акция аясында табиғат қорғау және құқық қорғау органдары тізе біріктіреді. Науқанның мақсат-міндеті туралы жауапты орган өкілдері баспасөз мәслихатында мәлімет берді.
"Акция кезінде киік тіршілік ететін елді мекендердегі жергілікті халықпен жұмыс жүргізіледі, – деп атап өтті "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК Орталық өңірлік филиалы директорының орынбасары Қайрат ЗАМАТОВ. – Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан тұяқты жануарлар мекендейтін елді мекендерде түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстары күшейтілмек".
"Киік" табиғат қорғау акциясының мақсаты – киіктер популяциясының санын сақтау және көбейту, браконьерлікпен күресті күшейту.
Бұл іс-шара осы жылдың 15 сәуірі мен 15 мамыры аралығында жүргізіледі.
Айта кетейік, бұл акцияның бастамашылары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР ҰҚК және ҚР ІІМ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓