“Горняк” есе қайтарды
Рудныйдың "Горнягі" өз алаңында Астананың "Номадын" қабылдады. Бұл жолы жерлестеріміздің жолы оңғарылды. "Горняк" хоккейшілері қонақтарды 2/1 есебімен жеңіп, өз алаңында мерейлері үстем болды.
Естеріңізде болса, үшінші плей-офф кезеңіне шыққан "Горняк"-1/4 финалдық кездесудің овертайымында алаң иелерінен жеңілуге мәжбүр болды. Есеп 2:1. Сөйтіп, "Номад" маусым барысында алғаш рет рудныйлық хоккейшілерден басым түсті. Төртінші кездесуде де Юрий Михайлик шәкірттері "Горняктен" тағы айласын асырып кетті.
Алғашқы жиырма минуттікте Юлиан Поповичтен пас алған Ярослав Евдокимов Антон Тодыков қорғаған қақпаны дәл көздеді. Тек үшінші тайм да ғана рудныйлықтар таблодағы есепті теңестіруге мүмкіндік алған. Тіпті шешуші кезеңде жеңіске де жетті. Бірақ келесі күні астаналықтардың жолы болды.