Өміріне қауіп жоқ

Рудныйда көршісі үстіне керосин құйып өртеп жіберген 3 жасар баланың қазіргі жағдайы туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімет берді.
"3 жастағы балақай бүгін жан сақтау бөлімінен бөлімшеге көшірілді. Дәрігерлер кішкентай пациент жағдайының әлі де ауыр екенін айтады, бірақ өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Дүйсенбі күні баланың бас жағына, кеуде тұсына және арқа бөліктеріне пластика жасалған. Сәби қазір анасымен бірге жатыр", – делінеді хабарламада.
Айта кетейік, жаға ұстатарлық жағдай 16 наурыз күні Рудный қаласында болған еді. 44 жастағы ер адам көршілеріне баса-көктеп келіп, 32 жастағы әйелді баласымен қоса керосинмен өртеп жіберуге әрекет жасаған болатын.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓