Әулиекөл-Жалдама тас жолы жабылды (ВИДЕО)

Қостанай облысында қар суы тас жол деңгейінен асып, көлік жүргізушілеріне қиындық тудырды. Осыған байланысты Әулиекөл-Жалдама бағытындағы жол қозғалысына шектеу қойылды.
 
 
"2022 жылдың 5 сәуірі күні сағат 17:30-дан бастап, Сұлукөл елді мекені маңында қарғын судың жол үстінен асып өтуіне байланысты, Әулиекөл-Жалдама тас жолы жабылды. Тұрғындардан сабыр танытып, түсіністікпен қарауларын сұраймыз", – делінеді Амангелді ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің хабарламасында.
Айта кетейік, Әулиекөл-Жалдама бағыты – Қостанай мен Торғай аралығындағы тас жолдың бір бөлігі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓