“Асауға” тұсау (видео)

Қостанай қаласында полицейлер Тәуелсіздік көшесіндегі аулалардың бірінен «ВАЗ-2101» маркалы көлікті ұрлап мініп кеткен 20 жастағы жігітті ұстады.

Тәртіп сақшыларының ескертуін де, бағдаршамның қызыл түсін де елемей, Әл-Фараби көшесі бойымен қашқан ол бқрылыста көлікті бағанаға соғып та үлгерді. Оның жүргізуші куәлігінсіз жүргені, спирттік ішімдік тұтынғаны анықталды. Полицейлер көлік иесіне болған жайды хабарлап, "болдырып қалған" темір тұлпарын қайтарып берді.
Жыл басынан бері облыста осыған ұқсас 27 қылмыс ашылған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓