НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
«Шежірелі басылым» эссе байқауы
Құрметті оқырмандар! Облыстық «Қостанай таңы» газеті 100 жылдық мерейтойына орай 8-11 сынып оқушылары арасында «Шежірелі басылым» облыстық эссе байқауын жариялайды.
Ол үшін сіз 2022 жылдың 1-сәуірінен 1-маусым аралығында «Қостанай таңы мен үшін», «Журналист болғым келеді» және «Тарих сыр шертеді» тақырыптары бойынша эссе жазуыңыз керек.
-
Қойылған талап бойынша Эссе көлемі – 2 беттен кем емес (Times New Roman, 14 шрифт, 1,5 интервал).
-
Бағалаудың негізгі критерийлері: тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуы, идея түпнұсқалығы, ойдың дербестігі, оқырманға эмоционалды әсері.
Байқауға қатысу шарттары:
-
«Шежіре басылым» байқауына тек 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.
-
«Қостанай таңы мен үшін», «Журналист болғым келеді» және «Тарих сыр шертеді» тақырыптары бойынша әр қатысушының тек 1 жұмысы қабылданады.
-
Байқау жұмыстары 2020 жылдың 1 сәуірден бастап 1 маусымға дейін мына электронды поштаға автордың толық аты-жөнімен, жеке суретімен және байланыс нөмерімен жолдануы шарт:
-
2022 жылғы 1 маусымнан кейін түскен байқау материалдары, сондай-ақ ғаламтордан көшірілген, талаптарға сәйкес келмейтін байқау материалдары қарастырылмайды.
-
Байқауға ұжымдық жұмыстар қабылданбайды.
Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі
-
Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен ұйымдастыру алқасы айналысады.
-
Ұйымдастырушы қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.
-
Байқауға жіберілген материалдар мен жұмыстар кері қайтарылмайды.
-
Байқауға ұсынылған материалдар байқаудың тақырыбына, мақсаты мен міндеттеріне сәйкес болуы керек.
-
Байқауды марапаттау рәсімі 1 маусынан кейін редакция ғимаратында өткізіледі.
ІІІ. Байқау жеңімпаздарын анықтау және марапаттау
-
Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешімімен анықталады;
-
Байқау қорытындысы газет бетінде, kostanaytany.kz сайтында және instagram әлеуметтік желісінде qostanai_tany парақшасында жарияланады;
-
Жеңімпаздар Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орын және номинациялар бойынша анықталады.
-
Байқау жеңімпаздары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, «Қостанай таңы газетінің жас тілшісі» куәлігіне ие болады.
-
Үздік жұмыстар облыстық «Қостанай таңы» газетінде және сайт парақшасында жарияланады.
Анықтама үшін телефондар:
8(775)296-36-35 (Шұға Аңсағанқызы)
8(7142)54-99-69 (қабылдау бөлімі).
Құрметті оқырман, сәттілік серік болсын сізге!