Еске алу турнирі
Меңдіқара ауданының тумасы Тілеуберген Дүйсенов аудан халқына танымал, еткен ісі көпке үлгі.
Тілеуберген Мәрденұлы 1964 жылы 6 қарашада дүниеге келген. Өзінің туған жерінде білім алып, 1981 жылы РИИ-ге түсіп, 1986 жылы өнеркәсіптік азаматтық құрылыс мамандығын үздік деңгейде бітірген.
1985 жылы спорт шебері атағын алған спортшының жеткен жетістіктері көп. Олның өзі де талай спортшыны шыңдаған білікті жаттықтырушы. Оның шәкірттері де үздік нәтижелер көрсетті. алды жастарды тәрбиелеп жүр.
Тілеубердінің өмірден озғанына 30 наурызда бір жыл толды. Осыған байланысты Ұзынағаш (Қаратал) ауылында спорт шеберін еске алуға арналған аймақтық волейбол турнирі өтті. Турнирді шәкірттері Серімжан елеусізов пен Аят Досымжан қолға алып, оларға ағалары Манарбек Абдрахманов пен Сабыржан Оспанов қолдау білдірген.
Жарысқа 5 команда қатысты. Тартысты оында үздік үштік анықталып, тиісті марапаттарын алды. Жүлделі1-орынға Алешин селолық округінің командары ие болды. Екінші орын Көктерек ауылының еншісінде. Үшінші орынды қараталдықтар місе тұтты. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық, медаль, мадақтамалар және кубоктар табыс етілді.
"Әкемнің барша замандас-құрдастарына, шәкірттеріне отбасымның атынан алғыс айтамын. Үлкен турнир өтті. Әрине, әкемнің орнын ешкім баса алмайды. Дегенмен, осындай достарының бары көңілге медеу. Ағаларымның жасаған еңбегіне, әкеме арналған іс-шараға келіп қатысып жатқан барша туыс-туған, ауылдастарға рахмет айтамын", – деді Т.Дүйсеновтің ұлы Ислам Мәрден.
Осы күні Ұзынағаш ауылы намазханасында ақ дастархан жайылып, ас берілді. Марқұмның рухына құран бағышталды.
Турнирді өткізіп тұру жыл сайынғы дәстүрге айналмақ.