Жағдай қалыпты

«Вакцинаның сақталуын қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдарда шамамен 350 мың дозаны бір мезгілде сақтай алатын 112 бірлік мұздатқыш жабдығы, оның ішіндегі ультратөмен температура режіміндегі 4 бірлік мұздатқыш жабдығы бар. Бүгінгі күні облысқа вакцинаның бірінші компонентінің 567,7 мың дозасы және екінші компонентінің 567,7 мың дозасы, сондай-ақ қайта вакцинация жүргізу үшін Спутник Лайттың 5 мың дозасы жеткізілді. Қазіргі күні 359 266 (60,3%) адам вакциналанды (595 640 адам), олардың ішінде екіншісі компонентпен егілгендер – 346 284 (58,1%) адам. Вакциналауды жүргізуге тиісті оқытудан өткен 426 медицина қызметкері жұмылдырылды. 2021 жылдың 22 қарашадан бастап халықты ревакциналау, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдер, 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер вакциналау басталды», – деді А.Бексұлтанова.
Бүгінгі таңда облысқа барлығы «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентінің дозасы және екінші компонентінің дозасы, сондай-ақ QazVac вакцинасының дозасы (48,7 мың адамға), «Hayat-Vax» вакцинасының дозасы (32,5 мың адамға) және CoronaVac вакцинасының дозасы (14 мың адамға) жеткізілді, дозасы Vero Cell (119 мың адамға), дозасы Comirnaty Pfizer (61,4 мың адамға) жеткізілген. 01 сәуірдегі жағдай бойынша 115 715 адам қайта вакциналанды. Comirnaty Pfizer вакцинасының бірінші компонентін 12 620 адам (соның ішінде 184 жүкті әйел, 2 261 бала емізетін әйел және 10 080 жасөспірім), екінші компонентін 11 041 адам алған (соның ішінде 140 жүкті әйел, 1 982 бала емізетін әйел және 8 887 жасөспірім).