Бүгін аутизм туралы ақпарат тарату күні

Бүгін Қостанайда Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай қайырымдылық шаралары өтті. Оның мақсаты – аутизм проблемасы бар екенін барынша насихаттау. Бұл туралы Қостанайдағы «Stop autism» ҚБ жетекшісі Шынар Жалмұхамедова мәлімдеді.
Аутизмі бар балалардың ата-аналары, еріктілер, психолог-педагогикалық түзету кабинеттерінің (ППТК) өкілдері және қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар ақпарат тарату мақсатында қосылып науқан өткізді. Онда ұйымдастырушылар тұрғындарды аутизм мәселесі жайлы хабардар етіп, ерекше күтімді қажет ететін балаларды түсіну және қолдауға шақырды.
-2 сәуір –  аутизм проблемасын насихаттау күні. Сондықтан жексенбі қала халқы сауда орталықтарына көп келетіндіктен, осы жерде акция өткізуді көздедік. Мақсатымыз да сол – халықты аутизм проблемасы туралы максималды түрде ақпараттандыру, – дейді «Stop autism» мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан құрылған қоғамдық қауымдастықтың жетекшісі Шынар Жалмұхамедова.
Қостанайлық «Stop autism» ҚБ жетекшісі Шынар Жалмұхамедова айтуынша, ерекше балалар өсіп келе жатқан отбасылардың ата-аналарына және балаларына психологиялық көмек қажет. Өйкені жылдан жылға осы диагнозбен ауыратын балалар саны көбейіп келеді. Қазір Қостанай облысы бойынша 300-ден астам балаға осындай диагноз қойылып отыр.
-Статистика өсіп жатыр. Қазір мұндай аурумен ауыратын балаларға психологиялық-коррекциялық қолдау қажет. Өйткені біздің өңірде мұндай балаларға арналған толыққанды бейімдеу орталығы жоқ. Теміржол және Қостанай қалалық ауруханасының жанынан ашылған шағын бөлімшелер бар. Бұл аздық етеді, – дейді Шынар Жалмұхамедова.
Түстен кейін «MART» сауда орталығының қасында сутденттер, еріктілер, аутизммен ауыратын балалардың ата-аналары «Біз қасыңдамыз» ақпараттық акциясын ұйымдастырып, флаерлер мен буклеттер таратылып, әуеге шарлар ұшырылды.
 Елімізде соңғы 13 жыл ішінде балалар аутизмі өсуі байқалады. Атап айтқанда, 2008 жылы 38 болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 750-ге жетіп отыр. Жалпы әлем бойынша 67 000 000 адам аутизммен өмір сүретіндерін көбі біле бермейді, әлемде әр 42–ші ұл бала және әр 189-шы қыз бала аутизм спекторында.
Айта кету керек, аутизм диагнозы бар балаларды емдеу орташа есеппен айына 200 мың теңге құрайды. 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓