Қолдайды, жәрдемдеседі
«Yмiт-Надежда» тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедек-азаматтарды қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігі Қостанай қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде 2022 жылдың 11 сәуірінен бастап мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін әлеуметтік маңызды жобаны жүзеге асырады.
«TenQogam» орталығы заң тұрғысынан, психологиялық, тұрмыстық және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңестер, мүгедектігі бар адамдардың жұмыс іздеуіне, жұмысқа орналасуына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Egov.kz. электронды порталында және басқа да әлеуметтік порталдарда мемлекеттік қызметтер және басқа да қызметтер алу үшін құжаттарды рәсімдеу бойынша қызмет көрсетеді. Және де мүгедектігі бар адамдардың отбасылық мәселелер бойынша кеңес беру, мемлекеттік әлеуметтік көмек және қолдау бойынша жәрдем көрсету болып табылады.
«TenQogam» орталығы жобасын жүзеге асыру мақсатында мүгедектігі бар адамдардың жұмыс орындары жағдайларын зерттеу үшін кәсіпорындар мен компанияларға экскурсиялар өткізеді. Орталық мамандары кәсіпорындарға қысқа мерзімді тағылымдамалар ұйымдастырады. Жобаға қатысушылар кәсіпкерлік, компьютерлік сауаттылық бойынша түрлі оқыту тренингтерінен өту мүмкіндігіне ие болады, әлеуметтік қызметтер порталдарымен жұмыс жасауға үйренеді.
«TenQogam» орталығы жобасы Қостанай қаласы аумағында биыл екінші жыл жүзеге асырылуда. Жоба шеңберінде мәдени-әлеуметтік нысандарға бару арқылы түрлі іс-шаралар өткізіледі.
Аталған жобаны жүзеге асырудың мақсаты: жұмыс орындарын табу, орналасу және сақтап қалу әлеуетін арттыру және жұмыспен қамтуға көмектесу үшін ақпараттық, құқықтық, психологиялық, техникалық қолдау көрсету, қоғамға кірігудің тиімділігін арттыру мақсатымен мүгедектігі бар адамдарды тұрмыстық және әлеуметтік біліктілікке үйрету.
«Преодоление» тәуелсіз өмір орталығында «TenQogam» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығының жұмысын жаңарту бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. Оған облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері қатысты, және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің жаңа жетекшісі Нәси Сырыммен кездесу өтті.