Мүмкіндіктер уақыты

Мемлекеттік жастар саясатын ілгерілету және бастамашыл, талантты жастарды қолдау мақсатында Қостанай облысы әкімдігіне қарасты Қоғамдық даму басқармасының бастамасымен "Мүмкіндіктер уақыты" байқауы жүзеге асырылмақ.

Байқаудың мақсаты-жастардың өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау, іскерлік белсенділігін қалыптастыру, көшбасшылық қасиеттерін, коммуникативтік және жобалық қызмет дағдыларын дамыту, жастар бастамаларын қолдау және ынталандыру арқылы шығармашылық ұжым құрамында жұмыс тәжірибесін меңгеру.

Байқауға Қостанай облысының 14 пен 29 жас аралығындағы жастары қатыса алады. Жеке және ұжымдық жұмыстар қабылданады.

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері «Жастар жобаларының байқауы» белгісімен jasotan.qostanai@mail.ru.поштасы арқылы қабылданады.

Жобалар ағымдағы жылдың тамыз айының үшінші онкүндігінде қорғалады. Өтінімдер 15 тамызға дейін қабылданады. Байқаудан үздік шыққан 5 жобаның әрқайсысы 300 000 теңгеден қаржыландырылады.

Туындаған сұрақтар бойынша өтініш берушілер мына телефондар арқылы хабарласа алады: 87028372796 – Манасбаев Серік Шотбайұлы, 87073987273 – Есмағамбетов Арман Бекмұратұлы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓