Халықпен тікелей байланыста

Қостанай облысында учаскелік инспекторлардың халықпен есеп беру кездесулері басталды. Пандемиядан кейін облыс тұрғындары халықпен ашық диалог форматында өтетін есептік кездесулерде учаскелік полиция инспекторларымен қауіпсіздік мәселелерін талқылауға мүмкіндік алды. Мұндай кездесудің бірі Қостанай қаласындағы ең ірі учаскелік пункт Набережный аумағында өтті. Мұнда 26 мыңнан астам адам тұрады. Учаскелік инспекторлар өз жұмыстары туралы есеп беріп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға баса назар аударуда.
Кездесу барысында тұрғындар «егер көршіміз баспалдақта тұрып, темекі шегетін болса, не істеу керек?», «егер түнде көршінің иті ұйқы бермесе ше?», «кіреберісте орнатылған бейнекамералар жұмыс істей ме?» осы және өзге де сауалдарды қойды.
Жалпы бейнебақылау камераларының, жедел-алдын алу іс-шараларының арқасында Набережный аумағында құқық бұзушылық азайған.
-Бірінші тоқсанда осы әкімшілік учаскеде 53 қылмыс тіркелді, ал өткен жылы осындай кезеңде 69 қылмыс есепке қойылған болатын. Оның 70%-дан астамы ұрлық пен интернет алаяқтығы құрайды,- деп атап өтті «Набережный» пунктінің аға учаскелік инспекторы Ерік Ваисов.
Бүгінгі таңда интернет алаяқтарының әркеті ерекше алаңдаушылық тудыруда. Олардың құрығына түсіп қалмау үшін полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, бірақ соған қарамастан алдаудың жаңа әдіс-тәсілдерін ойлап табуда.
 -Алдын алу жұмыстарын жүргізгендеріңіз орынды, Сіздер алаяқ екенін бірден білесіздер. Бірнеше күн бұрын маған капиталды тез көбейту туралы ұсыныс жасады. Мен бірден полицияға жүгіндім, – дейді учаске тұрғындарының бірі Валерий Мусиенко.
 Ерік Ваисов түсіндіргендей, жергілікті тұрғындары өздерін қатысты сұрақтарға жауапты көршілерден құрылған чаттарында ала алады. Халықпен тығыз қарым-қатынас жасау үшін алдын алу жұмыстары «Ватсап» мессенджері арқылы жүргізіледі.
-Бүгін тұрғындар әртүрлі мәселелерді қозғады. Мысалы, бірі түнде тыныштықтың бұзылуына шағымданды. Көтерілген әрбір өтінішке жедел ден қоюға және шұғыл шешімдер қабылдауға тырысамыз, – деп атап өтті Ерік Ваисов.
Айта кету керек, жыл басынан бері түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін 18 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК (15 315 теңге) көлемінде айыппұл арқалады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓