Жақсылықты өзіңнен баста!

Қостанайда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен «Облыстық волонтерлер-2022» форумының марапаттау рәсімі өтті.
Дәстүр бойынша жыл бойы жемісті жұмыс істеген ерікті жастар марапатталды. Форумға волонтерлік бірлестіктер мен білім беру ұйымдарының жиырмаға жуық белсенді студенті қатысты.
Волонтерлер өз бірлестіктерінің жұмысын әртүрлі бағытта көрсете білді. Балалар мен аға буын адамдарына көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету, үздік волонтер күнделігі, ерікті құндылық тақырыптарын басшылыққа алды.
«Волонтер жастар әлеуметтік түрлі жобаларға қатысып, өздерін жақсы жағынан көрсете білді. Сол үшін колледж студентеріне бірлескен жұмыс үшін алғыс айтамыз», -дейді ұйымдастырушылар.
 Сонымен Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі «Үздік волонтерлік ұйым-2022»  атанды. Екінші орынды Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі иеленсе, үшінші орынды Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі алды. Федоров ауылшаруашылығы колледжінің студенті Даниил Подмарковке «2022 жылдың үздік волонтері» атағы берілді.
Оның сыртында Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі «Қоғамдық қызмет» аталымымен, Рудный музыкалық колледжі «Балаларға қамқорлық» тақырыбымен, Қостанай педагогикалық колледжі «Қоршаған ортаны қорғау» номинациясы бойынша, Қазақстан агротехникалық колледжі «Аға буын адамдарына қамқорлық» аталымымен, «Зерек» колледжі «Ерікті құндылықтар» номинацияларымен марапатталды. 
Айта кету керек, форумды облыстық білім басқармасының ТжКБ әдістемелік кабинеті мен «Зерек» колледжі бірлесіп ұйымдастырды.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓