Жоғалған жеткіншек өлі табылды

Полиция мен облыстық ТЖД қызметкерлері із-түссіз жоғалған 16 жастағы Сергей Лукьяновтың денесін тапты.Ол үйінен 26 наурызда шығып кетіп, сол күні оралмаған. 27 наурыз күні оның заттары Корей көпірі ауданында Тобыл жағасынан табылған еді. 
Іздеу шараларына сүңгуірлер шақырылып, олар өзен түбінен жеткіншектің денесін тапты.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама ашылды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓