Ата-аналар жиналысы өтеді

Мектеп түлектері бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсыруға қалай дұрыс дайындалуы керек? ҰБТ тапсыру қарсаңында талапкерлердің ата-аналары нені білуі тиіс? Алдағы ҰБТ-ға моральдық тұрғыдан қалай әзірлену керек?
Міне, осы және де басқа сұрақтарға "Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету" тақырыбында өтетін республикалық ата-аналар жиналысында жетекші және кәсіби  мамандар жауап табуға көмек беретін болады.  Бұл жобаны "Нұр Отан" партиясы мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қолдауымен "Отбасылық тәрбиелеу институты" ұйымдастырып отыр.
Республикалық ата-аналар жиналысы 18 мамырда (жексенбі күні) еліміздің 17 қаласында бір мезгілде өтеді. Алдын ала деректер бойынша, оған 45 000 мектеп түлектерінің ата-аналары қатыспақ. Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсетуге байланысты мәселелерді талқылайтын мұндай ауқымды жиналыс Қазақстанда алғаш рет өткізіледі. Өз кезегінде бұл жобаның республикамызда теңдесі жоқ бірегейлігі туралы айтуға да мүмкіндік бар. Ата-аналар жиналысының қатысушылары үшін "Отбасылық тәрбиелеу институтының" жетекші мамандары тақырыптық бейнероликтер, жазбаша түрдегі (қазақ және орыс тілдеріндегі) үйрету сабақтары мен сауалнамалар әзірледі.  Әр қатысушы "Отбасылық тәрбиелеу институтынан" кеңестер мен ұсыныстар жазылған жадынамаларға ие болады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша, 2014 жылғы 1-15 маусымы аралығында өтетін ҰБТ-ға елімізде 100 мыңнан астам мектеп түлектері қатысады деп жоспарлануда. ҰБТ республикамыздың 154 өткізу пунктінде өтеді. 
Гүлназым
    САҒИТОВА
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓