Қашып жүрген барымташы ұсталды
Аманкелділік полицейлері сот пен тергеуден жасырынып жүрген бір топ барымташыларды ұстады. 32 жастағы аманкелділік пен оның алты сыбайласы аудан аумағындағы 4 ірі қара мен 2 қой ұрлығына қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілініп отыр.
Өткен жылдың қазан айында Тасты ауылының тұрғыны полицияға жайылымнан үш сиыр жоғалып кеткенін айтып шағымданған. Полиция қызметкерлері оқиғаны тексеру барысында ірі қара малдың терілері мен оқ гильзаларын тапты. Осыған ұқсас қылмыс Арқалық қаласының Қызылжұлдыз, Жаңақол және Көктал кенттерінде де тіркелді. Қылмысқа екі «ВАЗ-2115» автокөліктері пайдаланылған. Бұдан кейін аталған факті бойынша жедел уәкілдер 7 күдіктіні анықтады. Ұрылардың бірі жасырынып, оған іздеу жарияланды. Бірнеше ай бойы Ақмола облысының аумағында полициядан жасырынып келген ер адам Арқалық қаласында аманкелділік тәртіп сақшыларының күшімен ұсталды.
Қылмыстық іс сотқа жіберілді.