Өтінім қабылдау тоқтайды
"Отбасы банк" депозиттерді сату және сатып алуға өтінімдер қабылдауды уақытша тоқтатты. Бұл қызмет 31 наурыздан 8 сәуірге дейін қолжетімсіз болады. Бұл туралы банктің парақшасында хабарланды деп жазады informburo.kz.Онлайн қызмет техникалық себептерге байланысты тоқтатылған.
"30 наурызға дейін сатылымға қойылған депозиттерді сатып алуға болады. Ал жаңа өтінімдер 31 наурыз бен 8 сәуір аралығында қабылданбайды", – делінеді хабарламада.