Індет жұқтырғандар жоқ
Екі күн бойы, 23-24 наурызда облыста COVID-19 жұқтыру дерегі тіркелген жоқ.
Жалпы, өңірде 2020 жылдың 3 сәуірі мен 2022 жылдың 23 наурызы аралығында 53 507 адам індетке шалдыққан. Жазылып шыққандар саны – 53 260 адам. 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап 358 979 бірінші компонентпен екпе алса, сыңарымен 345 204 вакциналанған.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 22 наурыздан бері коронавирус пневмониясын жұқтыру дерегі де тіркелмеген. Ал жалпы облыста пневмонияға 6 138 адам шалдыққан. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сүйенсек, өңірде коронавирустан ұзын саны 205 адам көз жұмған.